ПОДЕЛИТЬСЯ
2025 жылдың 17 мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойламайтыны және осыған байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбағаны ескертілген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында Алматыда дүниеге келген. Әкесі - Кемел Тоқаев (1923-1986),Ұлы Отан соғысына қатысқан,белгілі жазушы,қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман оқиғалы жанрдың негізін салушы. Анасы - Тұрар Шабарбаева (1931-2000) - Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген.
Осы аптада Президент Астанада Әбу-Дабидің тақ мұрагерін қабылдады (Қазақстан мен БАӘ 5 миллиард доллар көлемінде келісімдерге қол қойды),сондай-ақ Армения парламентінің төрағасын қабылдады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қаржы жүйесінің жай-күйі туралы есеп тыңдап,Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп,"Самұрық-Қазына" қорының басшысына бірқатар тапсырма берді.