ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада Ұлы Дала даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Бокейхан көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты,15 мен 20 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Сондай-ақ,15 мен 22 мамыр аралығында Домалақ ана көшесінің Қорғалжын тасжолынан Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
"Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз".