Іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтық жасады деген күдікті Сауд Арабиясынан Қазақстанға экстрадицияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстанның елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясынан алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Алматыда жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген.

Сонымен қатар,ол ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 миллион теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған",- делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Биыл ол Сауд Арабиясы аумағында ұсталып,Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды".

Тағылған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap