ПОДЕЛИТЬСЯ
Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына,соның ішінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.
"Зейнет жасына жеткен,бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің автоматты (өтінішсіз) тәртібін белгілеу жоспарланып отыр",- деп жазылған хабарламада.
Құжаттың толық мәтінімен агенттіктің интернет ресурсында танысуға болады.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – жеке және заңды тұлғалардың БЖЗҚ-ға дербес,өз еркімен төлейтін ақшасы. Жеке және заңды тұлғалар ЕЗЖ-ны өз бетінше енгізе алады.