ПОДЕЛИТЬСЯ
СҚО-да адамды еркінен тыс бас бостандығынан айыру ісі бойынша тергеу аяқталды. Азия чемпионатының қола жүлдегері,қазақстандық спортшы қыздың күйеуі "құлдық" ұйымдастырды деп айыпталған болатын. Алайда қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Былтыр күзде Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны Мұқан Солтүстік Қазақстан облысының шалғай ауылында 10 айдан аса уақыт құлдықта болғанын айтқан. Оның сөзінше,спортшы қыз бен оның күйеуі (олармен бірнеше жыл бұрын кездейсоқ танысқан) оны жоғары жалақы беруге уәде етіп ауылға алдап шақырып,кейін тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеп,үйлерінде күштеп ұстаған.
Мұқанның айтуынша,олар оның телефоны мен құжаттарын тартып алған,ол үйді қарап,шаруашылықпен айналысуы тиіс болған,өзі моншада тұрып,нашар тамақтанған көрінеді.
Бұған дейін Tengrinews.kz-ке сұхбат берген жәбірленушінің мүддесін қорғаған заңгер Нұрболат Ибраевтың айтуынша,Мұқан спортшының күйеуінен үнемі соққы көргенін мәлімдеген.
"Мұқанның басында да,денесінде де көптеген жарақат болған. Қашып кетпек болған,бірақ оны ұстап алып,соққыға жыққан. Мұқан көрші баланың арқасында қашып кеткен,ол Мұқанға ағасына хабарласу үшін телефон берген. Ағасы баланың нөміріне ақша аударып,бала сол ақшаны алып,Мұқанға берген. Содан кейін Мұқан қашып,жолай көлікпен Көкшетауға жеткен. Онда ағасына хабарласып,ақыры үйіне оралған",– деген еді заңгер Нұрболат Ибраев.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 126-бабы 3-бөлігі ("Құлдыққа салу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті Мұқанның шынында да он айдан астам уақыт үйінде тұрғанын жоққа шығармаған,бірақ оның өз еркімен келгенін,ешкім мәжбүрлемегенін және ұрып-соқпағанын айтқан.
Кейін Мұқан да,спортшының күйеуі де Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында бір-біріне керағар мәлімдеме жасады.
Спортшының күйеуінің айтуынша,ол Мұқанмен Астанада танысқан. Мұқан көшеде,аялдамада аш-жалаңаш жатқан.
"Мен оған пәтер жалдап беріп,тамақ сатып әпердім. Кейін өз үйіме кеттім. Ол сол жақта қалды. 2021 жылы ол менен екі миллион теңге қарызға алып,қаржы пирамидасына салып,бәрін жоғалтты. 2023 жылы ол үйге келіп,қала тұруды сұрады. Біз осы уақыт бойы WhatsApp арқылы хат алмасып жүрдік. Астанада қарыздары барын,адамдар ақша қайтаруды талап етіп жатқанын айтты. Барлық аудиожазбалар менде бар",– деген еді спортшының күйеуі.
Ақыры бұл іс бойынша барлық мән-жай анықталған соң қылмыстық іс тоқтатылды.
"СҚО полиция департаменті 24 жастағы азаматты заңсыз бас бостандығынан айырды деген арыз бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында оның өз еркімен келгені,еркін жүріп-тұрғаны,ешқандай шектеу болмағаны анықталды. Құқықбұзушылық болмағанына байланысты іс тоқтатылды",– деп хабарлады Tengrinews.kz сұрауына жауап берген СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар,ведомство мәліметінше,қорқыту және жалған айғақ белгілері бойынша материалдар тіркеліп,тексеру жүргізіліп жатыр.
Tengrinews.kz тілшісіне берген пікірінде заңгер Нұрболат Ибраев Мұқанның айтқандарын растайтын дәлелдер табылмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылғанын түсіндірді.