Алматы әкімі жұмысының тиімділігін кім бақылайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл наурызда Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келген болатын.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 28-29 наурызда Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып,мерзімінде ұсынылып отыр. Әкім қызметінің тиімділігіне Президент әкімшілігі сараптама жүргізеді. Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады",- деді ол.

Еске салайық,бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап,шаһарды жарықтандыру,пәтерлерге суды уақытылы және толық беру,көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма бергені хабарланды.

Сонымен қатар,қала әкімі Президентке жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы екі аптада бір рет баяндап отырады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap