ПОДЕЛИТЬСЯ
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді",- делінген хабарламада.
Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.
27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтеді.