ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет мәліметінше,жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жылы,кей өңірлерде жаңбыр жауып,жел күшейеді. Ауа температурасы +25°C-қа дейін көтерілмек. Алайда кей жерлерде үсік сақталады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласында күн бұлтты,жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+3°C,күндіз +19…+21°C шамасында.
Алматыда аспан бұлтты,жауын-шашын күтілмейді. Түнде +3…+5°C,күндіз +14…+16°C болады. Жел баяу соғады.
Шымкентте де жауын-шашынсыз,күн жылы болады. Түнгі температура +6…+8°C,күндіз +20…+22°C.
Көкшетауда күн бұлтты,жауын-шашын жоқ. Жел екпінді,күндіз 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы +21…+23°C.
Қонаев қаласында күн ашық,жел 9-14 м/с. Түнде +3…+5°C,күндіз +16…+18°C жылы болады.
Талдықорғанда түнде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0…+2°C,күндіз +16…+18°C.
Түркістанда күн бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнгі ауа температурасы +6…+8°C,күндіз +23…+25°C.
Оралда ауа райы ашық,жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C,күндіз +24…+26°C.
Атырауда күн ашық әрі жылы. Ауа температурасы түнде +10…+12°C,күндіз +25…+27°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз,күн бұлтты. Түнде +10…+12°C,күндіз +23…+25°C.
Ақтөбе қаласында күн ашық,жауын-шашын жоқ. Түнгі температура +8…+10°C,күндіз +23…+25°C.
Қостанайда ауа райы ашық,шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде +8…+10°C,күндіз +24…+26°C.
Петропавлда күн бұлтты,жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +2…+4°C,күндіз +22…+24°C.
Павлодарда күн бұлтты,күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде -4…-6°C,күндіз +17…+19°C.
Қарағандыда жауын-шашынсыз,күн ашық болады. Түнде 0…+2°C,күндіз +17…+19°C.
Жезқазғанда ауа райы ашық,жауын-шашын жоқ. Түнде +5…+7°C,күндіз +20…+22°C.
Өскеменде ауа райы жауын-шашынсыз,түн суық. Түнде -5…-7°C,күндіз +12…+14°C.
Семейде күн ашық,жауын-шашын болмайды. Түнде -6…-8°C,күндіз +16…+18°C.
Қызылордада күн ашық әрі ыстық. Түнде +9…+11°C,күндіз +27…+29°C.
Таразда ауа райы ашық,жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5°C,күндіз +18…+20°C.