“Ауызыңды жауап, сені де өлтіреміз“. Анасы Шерзатты қалай қорғамақ болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың (Полат) анасы сотта жауап берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Гүлбара Бишімбаева ұлына шабуыл жасалған кезде оны қорғауға тырысқанын айтты.

Оның айтуынша,оқиға туралы естіген бойда енесімен бірге "Қамажай" дүкеніне барған. Дүкеннің алдында ер адамдардың тобын көрген.

"Дүкеннің алдында 10-15 шақты адамдарды көремін. Әжесі менің артымда келе жатқан. Сол жерде біреу: "Делайте" деп айтады,мен соны естідім. Сосын Шерзаттың бетінен Дархан ұрады. Сол кезде Шерзат артқа қарай шегінеді де,қайта оны ұрады. Ол жерге құлап түседі. Абзал Ахметті (Шерзаттың досы - авт.еск.) ұрып жібереді. Сосын олар Шерзат пен Нұрқанатқа жабылып кетеді. Мен Шерзатқа жүгіріп бара жатқан кезде Абзал мен Нұрбол қолымнан ұстап алады. Сол кезде Абзал: "Аузыңды жап,сені де өлтіреміз" дейді маған",– деп баяндады Шерзаттың анасы.

Сондай-ақ Шерзаттың анасы сол жерде болған екі қыз туралы да айтты. Оның сөзінше,бұл қыздар тас лақтырған.

"Ол қыздарға: "Жедел жәрдем мен полиция шақырыңдаршы",дедім. Олар маған қарап тұрды,ештеңе істеген жоқ",– деді Гүлбара Бишімбаева.

Әйелдің айтуынша,олардың қолында пышақ болған. Анасы Шерзатқа пышақ салған Абзал Шынасыл екенін айтты. Ал Гаипбаевқа пышақпен шабуыл жасаған — айыпталушы Сакиев. Нұрқияс Ильясовтың қолында мылтық болғанын,сол мылтықпен жараланған Шерзаттың басынан ұрғанын айтты.

"Шерзатқа қарай жұлқынып шығып кеттім. Шезат артқа шегінеді де құлады,сол кезде мен Шерзаттың аузынан бұрқ етіп қан аққанын көремін. Шерзат: "Мама мына жағымды қараңызшы" деп сол жағын көрсетеді,пышақ салған жерін көремін сол кезде. Ұлымның ауыр хәлде жатқанына қарамастан,олар бізге қарай бет алады... Шерзаттың басынан ұрып жатқан кезде оң қолымды тосып қалдым,қолыма тиді. Сосын тағы үш-төрт рет ұрады. Айғайлағаныма да қараған жоқ. Одан кейін үйлерден адамдар шығып қалып,бұлар қашты",– деді әйел сотта берген жауабында.

Сондай-ақ ол оқиға кезінде жұбайы Қаржаубай полиция мен жедел жәрдем шақыруға тырысқанын айтты. Алайда ешкім жауап бермеген және ешкім келмеген.

Процесс Жетісу облысы Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Тергеу аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп,200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктімен оқиға болған жерде жауап алу,іске қатысушылар арасында беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сегіз бейнематериал зерттеліп,қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.

Еске салайық,Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды,кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап,жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар,Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап,халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap