ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласында 17-25 сәуірде тіркелген атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге,сондай-ақ қару иелері арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған "Мерген" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полициясы барлық қару иелерін өздерінің құқықтық мәртебесіне жауапкершілікпен қарауға және басқалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.
"Азаматтық қару - бұл асқан қауіптің көзі болып табылады. Сондықтан оның иелері Заң талаптарын қатаң сақтауы өте маңызды: рұқсаттарды уақытылы жаңартып,сақтау және тасымалдау ережелерін сақтауы маңызды",- деп хабарлады,Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Осы күндері біздің қызметкерлер қаруды сақтау жағдайларын тексеріп,профилактикалық тексерулер жүргізіп,сондай-ақ тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай іс-шаралар тәуекелдерді азайтуға және қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайтуға баса назар аудара отырып,жүйелі түрде өткізілетін болады.