“Лүпіл баспағаны үшін сөгіс“. Шымкент әкімдігі пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жастар ресурстық орталығының (ЖРО) қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың әрекетіне шағымданды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбада,егер қызметкерлер орталықтың әлеуметтік желілердегі жазбаларына "лүпіл" баспаса,жазбаша сөгіс алып,ауызша ескертуге ілінетіні туралы жазылған. Осыған байланысты Tengrinews.kz пікір алу үшін Шымкент әкімдігіне жүгінді. Әкімдік бұл жағдайды "ішкі жанжал" деп атады.

"Бұл – жұмыс барысында туындаған ішкі мәселе. Мұндай жағдайларды әдетте жұмыс тәртібімен,сабырмен шешуге болар еді. Бірақ,өкінішке орай,қазір тренд басқа,алдымен әлеуметтік желіде шу көтеріп,кейін барып мәселені талқылау. Онымен қоса көп жағдайда кім бірінші айқайласа,сол адамдікі "дұрыс" болып шығады. Алайда практикада бәрі олай бола бермейді",- деді Ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмақұлова.

Сонымен қатар,Жұмақұлова ЖРО басшысы шынымен де қызметкерлерден әлеуметтік желілерде белсенді болуды талап еткенін растады. Бұл үшін ол жауапкершілікке тартылған.

"Қызметкерлерді лайк (лүпіл) басуға мәжбүрлеу дұрыс емес. Егер шынымен әлеуметтік желідегі белсенділік маңызды болса,басымдықты жақсы контент жасауға бағыттаған жөн. Сонда лайк (лүпіл) та,қолдау да өздігінен келеді. Осыған байланысты Орталық басшысына тәртіптік шара қолдану туралы шешім қабылданды",- деп хабарлады басқарма басшысы.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap