Алматыда жастар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жастар арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырман жіберген видеода бір қыз бен жігіт жанжалдасып жатқан сәт бейнеленген. Төбелестің нақты себебі белгісіз. Жанжал 12 сәуірге қараған түні Алматы арбатында болған.

Жігіт қызды бірнеше рет беті мен басынан ұрған. Осыдан кейін жігітті бір адам тоқтатып,шетке алып кетеді. Қыз шегініп,басын ұстап кетіп қалады. Жанындағылар оған көмектесуге тырысқан.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адам міндетті түрде ұсталып,жауапкершілікке тартылады",– деді ПД өкілдері.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap