ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда QazNews24 атты сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің ісі бойынша сот процесі басталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл іс Наурызбай ауданының сотында қаралып жатыр. Темірлан Еңсебек сотқа әкелінген жоқ. Ол уақытша ұстау изоляторынан онлайн режимінде қосылды. Отырыстың басында айыпталушы үш өтініш білдірді.
Еске салайық,бұған дейін Алматыда белгілі паблик авторы ұсталғаны,ол 7 жылға дейін сотталуы мүмкін екені хабарланды. Оған қатысты әлеуметтік желідегі жазба арқылы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс тергеліп жатқаны айтылды.
Кейінірек Алматы полициясы QazNews24 атты сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің екі ай мерзімге қамауға алынуына қатысты пікір білдірді.