Шаруа қожалығы мен 5 көлік тәркіленген: қазақстандық қылмыстық табысы үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау ауданында жергілікті тұрғынға қатысты жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану және қылмыстық табысты заңдастыру дерегі бойынша айыптау үкімі шығарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Тергеу ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті жүргізген. Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында "Шығыс Қаражал" карьерінен марганец рудасын лицензия мен жер қойнауын пайдалану келісімшарты жоқ болған күйде заңсыз өндірген.

"Нәтижесінде алынған руданың көлемі 16 мың тоннадан,ал мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңгеден асқан. Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында ол жалған келісімдер жасап,өзіне бақылаудағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы өңделген темір-марганец рудасын елімізде және Ресей Федерациясында сатқан",- делінген хабарламада.

Сауданың нәтижесінде қылмыстық табыс 3,5 миллиард теңгеден асқаны айтылды.

Сот үкімі бойынша,ол кінәлі деп танылып,6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ,оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі,соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap