Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" 18,19 және 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес,республика аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады,сондықтан жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Тек батыс,солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде циклон ойысының әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі,жел күшейіп,жолдарда көктайғақ болады. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түседі.

"Елдің солтүстігінде түнде ауа температурасы -3°С-тан +5°С-қа дейін,күндіз +5°С-тан +16°С-қа дейін жылынады. Орталықта түнде -3°С-тан +5°С-қа дейін,күндіз +5°С-тан +20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста түнде -7°С-тан +5°С-қа дейін,күндіз +3°С-тан +16°С-қа дейін болады. Батыста түнде -5°С-тан +5°С-қа дейін төмендеп,күндіз +5°С-тан +18°С-қа дейін жылынады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +5°С-тан +13°С-қа дейін,ал күндіз +22°С-тан +30°С-қа дейін көтеріледі",– делінген хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap