ПОДЕЛИТЬСЯ
Жетісу облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы әшкереленді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін "Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы" АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Антикор мәліметінше,тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.