ПОДЕЛИТЬСЯ
ҰҚК есірткі арнасының жолын кесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпанда ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
"Сот санкциясымен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Олардан 15 келі гашиш есірткі заты тәркіленді",- деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.