Қазақстанда ірі зауыттардағы ұрлық схемалары әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ өндіріс объектілерінде ұрлық жасаудың схемаларын анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Алюминий зауыты аумағынан металл ұрлау схемасын анықтады.

"Қылмыс жасады деген күдікке кәсіпорынның қызметкерлері ілінді. Олардың заңсыз әрекеті жедел іс-шаралар нәтижесінде құжатталды. Фигуранттар металдың кезекті партиясын шығару кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Олардың іс-әрекеттерінен кәсіпорынға 30 миллион теңге сомасында шығын келтірілген. Қылмыстық іс ұрлықтың бірнеше эпизодтары бойынша тергеліп жатыр",- делінген хабарламада.

Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Қазақмыс" корпорациясының қауіпсіздік қызметімен бірлесіп,көрсетілген кәсіпорынның жұмыскерлерінен тұратын екі топ ұстады. Олар тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын ұйымдастырған. –

"Бірінші жағдайда топ мүшелерінің бірі учаске бастығы болып табылады. Олар 16 миллион теңгеден астам сомаға кәсіпорын мүлкін ұрлаған. Екінші топта қылмыстарды жасауға корпорация басқармаларының бірінің басшысы қатысқан. Олар ұрланған заттарды кәсіпорын аумағынан құжаттарды қолдан жасау арқылы шығарып отырған. Аталған фактілер бойынша фигуранттардың құқыққа қарсы әрекеттері туралы дәлелдер жиналды. Барлық күдіктілер ұсталды",– деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық деректері бойынша жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ "Qarmet" АҚ-дан мүлік ұрлауды ұйымдастырғаны үшін 2023 жылы ұсталған топтардың бірінің мүшелері ұзақ мерзімге сотталғанын атап өту қажет. Осы кәсіпорында ұрлық жасаған басқа да екі ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Ірі өнеркәсіп объектілерінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың криминалдық әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс Ішкі істер министрлігінің бақылауында",– деді спикер.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap