Қазақстандық оқушылар 6 миллионға дейін бір реттік төлем ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірледі. Бұл түзетулерде халықаралық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлеріне біржолғы төлем беру,жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін грант өтеуден босату және кейбіреулері үшін грантты өтеуді кейінге қалдыру секілді мәселелер қарастырылған. Жаңа заңнамалық нормалар туралы құжатты әзірлеушілердің бірі,депутат Асхат Аймағамбетов баяндады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда мемлекет есебінен жоғары білім алғандар міндетті түрде грантты өтейтіні туралы норма бар. Осы заң жобасын әзірлеу кезінде депутаттар қазақстандықтардың өтінішін ескеріп,ата-ана атанған немесе мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жоғары оқу орындарының түлектеріне көмектесіп,оларды оқу бітіргеннен кейін грантты міндетті түрде өтеуден босатуды ұсынған. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша,Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл норманы қолдаған.

"Бізде мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған түлектер аз емес. Адамның жағдайы басқаша екені түсінікті. Сондықтан мемлекет мұндай адамдарға жағдай жасауы керек сияқты. Біз бастама көтердік,Үкімет бұл бастаманы қолдады. Енді мемлекеттік грант бойынша оқыған түлектің мүгедектігі бар баласы болса,біз оған грантты өтемеуге мүмкіндік береміз,ол грантты өтеуден босатылады",- деді Аймағамбетов.

I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын қазақстандықтарды да грантты өтеуден босату ұсынылып отыр.

Сондай-ақ,депутат шетелдік жоғары оқу орындарына резидентураға,магистратураға,аспирантураға,докторантураға оқуға түскендердің және оқуын аяқтағандардың грантты өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды.

"Бакалавриатта оқып,кейін шетелге магистратураға түскендер санатын қосуды да ұсындық,кейінге қалдыруға мүмкіндік берейік. Егер ол магистратурада екі жыл оқыса,грантты өтеу мерзімін осы 2 жылға кейінге қалдырамыз",- деп түсіндірді депутат.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дарынды балаларды қолдауға және оларды дамытуға шақырды. Мәжіліс депутаттары дарынды балаларды қолдау үшін халықаралық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарына біржолғы төлем енгізуді ұсынды.

Мұндай байқаулардың жеңімпаздары үшін ең жоғары төлем мөлшері - шамамен 6 миллион теңге. Сонымен қатар,оларды дайындаған мұғалімдерді де ынталандыру ұсынылады.

"Спортта олимпиада жеңімпаздарына шамамен 250 мың доллар береді. Халықаралық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары Қазақстан үшін де маңызды екеніне сенімдіміз. Бұл - біз бұрын қабылдаған норманың логикалық жалғасы. Былтыр мынадай заң қабылдадық: халықаралық ғылыми жобаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылар жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсуге және "Болашақ" стипендиясына үміткер болуға мүмкіндік алды. Бүгін айтылып отырған норма - соңғы қадам",- деді Асхат Аймағамбетов.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap