ПОДЕЛИТЬСЯ
Қыстың соңғы айы аяқталып,көктем жақындап келе жатыр. Көктемнің алғашқы айы наурызда қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наурызда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Демалыс күндері ауыстырылуына байланысты азаматтар қосымша демалыс күндерін алады.
2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн,ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.
Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді,сондықтан демалыс дүйсенбі,10 наурызға ауыстырылады.
бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8,9 және 10 наурыз - демалыс күндері;
алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз - демалыс,10 наурыз - жұмыс күні.
Қазақстандықтар наурыз мерекесінде қалай демалады?
Наурыз - жылдың басты мерекелерінің бірі. 2025 жылы мереке күндері жұма,сенбі және жексенбіге сәйкес келеді,сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.
бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалыс;
алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері - 21,22,23 және 24 наурыз,ал сейсенбі,25 наурыз - жұмыс күні.