Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпарат Қазақстан Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланған.

Іс Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Іздеуді Қаржы мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізеді.

Тимур Сәдуақасов 2019 жылы 18 ақпанда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін ол Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Сәдуақасов "Әділет" Жоғары құқық мектебінде заңгерлік білім алған,сондай-ақ Көкшетау экономика және менеджмент институтында оқыған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap