ҰҚК 500 мыңнан аса қорап темекі тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға 500 мыңнан аса қорап темекі заңсыз кіргізілмек болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

5 ақпанында Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті.

"Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 миллион теңгеден асады. Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді",- делінген хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap