Ұлттық банк “ақ“ долларды сатып алу тәртібін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк "ақ" долларларды сатып алу тәртібін түсіндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Реттеушінің мәліметінше,1996 жылдан 2013 жылға дейін шығарылған банкноттарды әкету мүмкіндігі туралы мәселені екінші деңгейлі банктер атынан Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы көтерген.

"Ұлттық банк уақытша шешім ретінде ЕДБ-ге (екінші деңгейлі банктерге) банк жүйесінде сұранысқа ие емес қолма-қол шетел валютасын әкету мүмкіндігін ұсынады. Бұл механизм Ұлттық банктің ЕДБ-ден "ескі" үлгідегі қолма-қол АҚШ долларын сатып алып,оны сыртқы нарықтарға қайта сатуын қарастырады. Аталған операцияларды жүргізу шарттары ЕДБ-нің сұрауы бойынша оларға жеткізілді",– деп хабарлады Ұлттық банк Tengrinews.kz сауалына жауап ретінде.

Сонымен қатар Ұлттық банктің ақша айырбастау пункттерімен тікелей операциялар жүргізбейтіні нақтыланды.

"Айырбастау пунктінің кассасын қолма-қол шетел валютасымен толықтыру үшін уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасын сатып алу туралы келісімшарт жасасқан ЕДБ-ге жүгінуі қажет. Бұл валюта реттеу туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады",– деп түсіндірді Ұлттық банк.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің ескі үлгідегі долларларды банктерден сатып алып,оларды шетелге шығаратыны белгілі болған еді. Былтыр ҰБ (Ұлттық банк) ЕДБ-ден қабылданған,сұранысқа ие емес қолма-қол долларларды шетелге 48 миллион доллар көлемінде шығарды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap