Қазақстандық фермер субсидияны заңсыз алып, Toyota Land Cruiser көлігін сатып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысы 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алғаны анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өндірістік кооператив басшысы 2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы наурызға дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып,сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алған.

"Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген. Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды",- деп жазылған хабарламада.

Қаржылық тергеу нәтижесінде заңсыз алынған субсидияларға күдікті TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150 маркалы көлік сатып алғаны анықталды,ол мұны жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімдеген.

Соттың санкциясымен көлікке тыйым салынды. Күдіктіге сот 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap