Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот отырысы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін оның ісі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен еді.

Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Алматының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жабық тәртіпте қарады,ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде жеке тұлғаларды қорлау,қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Сотпен К.-ның осындай әрекеттерді мас күйде жасағаны анықталды. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ деп түсіндірді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды",- делінген сот хабарламасында.

Соттың қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық,бұған дейін әлеуметтік желілерде Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді деген ақпарат пайда болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше,бұл "әкесінің кәмелетке толмаған ұлыма тиісті деген арызы бойынша" орындалған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap