Қайтарылған активтерден тағы 1,4 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.

"Білім беру нысаны "Вокзал" шағын ауданында салынады. Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап,білім алуға қолжеткізуін арттыруға мүмкіндік береді",- делінген хабарламада.

Бүгінде Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6 миллиард теңге бөлгені айтылды. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор,Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер,Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп,Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені,Риддердегі көпсалалы аурухана кешені,Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap