2025 жылғы 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 11:30-да Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласынан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында,Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 4,4 құрады. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді",-делінген хабарламада.
Еске салайық,2025 жылғы 17 қаңтарда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жетісу облысы Жаркент қаласында және Алматы облысы Шонжы ауылында жер сілкінісінің күші 2 баллды құрады