Алматы облысындағы ірі жол апаты орнында түсірілген кадрлар пайда болды

Алматы облысында 18 автокөлік соқтығысқан ірі жол-көлік оқиғасы болған жерден фото және видео пайда болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында 18 автокөлік соқтығысқан ірі жол-көлік оқиғасы болған жерден фото және видео пайда болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл материалдарды Tengrinews.kz оқырмандары ұсынды.

Кадрларда жол апаты салдарынан көліктерге келген зақымдардың ауқымы көрсетілген.

Жаппай жол апатына ұшыраған көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларының көбі көліктерінен шығып,оларды қарап жүр.

Жолда қалың тұман салдарынан көріну нашарлаған.

Оқиға орнында Алматы облыстық полиция қызметкерлері жүр. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері келді.

Жол апатына тек жеңіл көліктер ғана емес,жүк көліктері де ұшыраған. Көліктерге айтарлықтай зақым келгені байқалады.

Айта кетейік,егер жүргізушілерге жолдағы қауіп-қатер туралы ескертілмесе,соқтығысқан көліктер саны бұдан да көп болуы мүмкін еді.

Сонымен қатар,"ҚазАвтоЖол" қазіргі уақытта Алматы – Өскемен автожолында апатқа ұшыраған 18 көліктің 16-сы эвакуацияланғанын хабарлады. Қалған екі көлік эвакуаторларды күтіп тұр.

Алматы облысындағы жаппай жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық,жол апаты 15 қаңтарда шамамен 07:30-да Алматы – Өскемен автожолының 28-шақырымында (Алматы – Қонаев бағыты) болған. Алдын ала деректер бойынша,апаттың себебі – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы және қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы. Аталған жол бөлімі IА техникалық санатқа жатады және 6 жолақ қозғалысқа арналған. Жолдың жүру бөлігі құрғақ,тегіс және бөгде заттарсыз болғаны көрсетілген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap