Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендер үшін жұмыс шарттарын қайта қарау бастамасын көтерді. Бұл шешімге қазақстандықтардың юрисдикциядан тыс орналасқан сауда интернет-платформаларына қатысты жиілеп кеткен шағымдары себеп болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда министрі Арман Шаққалиев үкімет отырысында шетелдік маркетплейстерді тіркеуге арналған электрондық платформаны енгізуді ұсынды.
Сондай-ақ,оларға тауарлардың қауіпсіздігі талаптарын сақтау,контрафактімен күресу,тұтынушылардың құқықтарын қорғау,жеке деректерді сақтау және қорғау,салық және кедендік ашықтық мәселелері бойынша міндетті талаптарды енгізу жоспарланған.