Полицейге пара беруге тырысқан қазақстандық өкініп қалды

Ақтөбе соты полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе соты полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік жүргізу құқығы жоқ және алкогольдік масаң күйде болған ер адамды полиция қызметкерлері тоқтатқан. Жазаға тартылмас үшін ол патрульдік көлік ішінде инспекторға 10 000 теңге көлемінде пара ұсынған. Полицей парадан бас тартып,ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды,өйткені айыпталушы өз кінәсін мойындап,прокурормен процессуалдық келісім жасады. Сотталушы тағылған айыптар мен дәлелдемелермен толық келісетінін мәлімдеді.

Соттың шешімі бойынша,ер адам кінәлі деп танылып,оған параның 15 есе мөлшерінде 112 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар,ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Жазаны жеңілдететін жағдай ретінде сотталушының шын жүректен өкінуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap