Тоқаев ПӘ басшысының бірінші орынбасары лауазымы неге қайтарылғанын түсіндірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдымен кездесуінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымының енгізілу себебін түсіндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдымен кездесуінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымының енгізілу себебін түсіндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру,өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту,сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып,азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті",- делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салайық,бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдағаны туралы хабарланған болатын.

Айта кетейік,соңғы рет Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін Тимур Сүлейменов (қазір Ұлттық банк басшысы) атқарған болатын. Содан кейін құрылымда өзгерістер болып,бірқатар лауазымдар таратылды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap