Қазақстан шекарасында құпия туннель анықталды

Қазақстанның оңтүстігінде мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдайтын туннель анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның оңтүстігінде мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдайтын туннель анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасы және үйлестіруімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу және ҰҚК департаменттері,Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы арқылы қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып,мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды.


Атап айтқанда,адамдар тобы қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған.

"Осы туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып,заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған. Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшесі,оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар,көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды.

"Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да,Өзбекстан аумағында да ұсталды".

Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap