Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенбіде Сенаттың пленарлық отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының ұсынысын енгізіп,Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатуды қарастыруды ұсынды.

"Сенат қарауына Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Екі судья да зейнет жасына жетті,судьялық қызметте тиісінше 28 және 37 жылдық тәжірибелері бар",– деді Малахов.

Сенат депутаттары судьяларды қызметінен босатуды бірауыздан қолдады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap