Қабырғаға скотчпен жабыстырылған банан 3 миллиард теңгеге сатылды

Sothebyʼs аукционында суретші Маурисио Каттеланның инсталляциясы - қабырғаға скотчпен жабыстырылған банан 6,2 миллион долларға (3 100 000 000 теңге) сатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Sothebyʼs аукционында суретші Маурисио Каттеланның инсталляциясы - қабырғаға скотчпен жабыстырылған банан 6,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заманауи өнер туындысын қытайлық крипто-кәсіпкер және коллекционер Джастин Сан сатып алды.

Ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл инсталляцияны "өнер,мемдер және криптовалюта қауымдастығының әлемін байланыстыратын" мәдени феномен деп атады және жақын арада осы бананды жеуге ниетті екенін айтты.

I’m thrilled to announce that I’ve bought the banana🍌 !!! @SpaceX @Sothebys I am Justin Sun,and I’m excited to share that I have successfully acquired Maurizio Cattelan’s iconic work,Comedian for $6.2 million. This is not just an artwork; it represents a cultural phenomenon… pic.twitter.com/lAj1RE6y0C

— H.E. Justin Sun 🍌 (@justinsuntron) November 21,2024

Бұл туынды сатып алушыға түпнұсқалық сертификатымен және банан шіріген кезде оны қалай ауыстыру керегі жазылған нұсқаулықпен жеткізіледі.

Еске салайық,Маурисио Каттелан 2019 жылдың желтоқсан айында еденнен 160 сантиметр биіктікте ақ қабырғаға күміс скотчпен жабыстырылған банан түріндегі инсталляцияны Майамидегі Art Basel көрмесінде көрсеткен болатын. Ол өзінің бұл туындысын "Комик" деп атады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap