Қызылордада су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен енгізіліп жатыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.

Мемлекет басшысының,Үкіметтің қолдауымен дер кезінде жүргізілген келіссөздер арқасында биыл егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етілді,аймақта су тапшылығы болған жоқ.

Ауыл шаруашылығына соңғы 2 жылда 20,3 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Өткен 10 айда негізгі капиталға 12,2 миллиард теңге инвестиция салынды.

"Аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы үшін суармалы су мәселесі қашанда өзекті. Биыл 189 мың 449 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп,агротехникалық талаптарға сай мерзімінде толық жиналды. Өндірісте ылғал үнемдейтін технологиялар қолдану қарқынды дамып келеді. Жаңа технологияларды пайдалану көлемі 4 мың 400 гектарға жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық",- деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысының қолдауымен бастау алған "Кең дала-2" бағдарламасы диқан қауымы үшін қолайлы болды.

Еске салсақ,соңғы жылдары Сыр диқандары 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп,өнімділікті 30 пайызға арттырды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap