Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар бүгін Астанада түнде және таңертең тұман түсетінін мәлімдеді.

Ал Алматы облысының солтүстігінде,оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман,көктайғақ болады.

Қостанай облысының батысында,солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде,батысында тұман.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде дауыл cоғады. Жел оңтүстік-батыстан,батыстан соғады,күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында,оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,облыстың оңтүстік-батысында,шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде,шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында,солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың солтүстігінде,таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде,орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында,орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды облысының батысында,солтүстігінде,шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында,орталығында тұман болады.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады,таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap