Нидерландыдан әкелінген хризантема ақ тот жұқтырған болып шықты

Ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема Нидерландыға қайтарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема Нидерландыға қайтарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының карантин инспекторы хризантема көшеттеріне фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында ақ тот жұқтырған хризантеманы (Puccinia horiana) анықтады.

159 400 гүл Нидерландыдан әкелінген. Инспектор алған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді.

"Тексеріс нәтижелері қауіпті карантинге жататын нысан екенін растады. Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып,айыппұл салынды. Гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды",- деп жазылған хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap