Түркістанда би жанры бойынша TurkiSTAR облыстық өнер фестивалі басталды

Бүгін Түркістан қаласындағы "Конгресс холл" көпсалалы кешенінде би жанры бойынша "TurkiSTAR" балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі басталды.

Бүгін Түркістан қаласындағы "Конгресс холл" көпсалалы кешенінде би жанры бойынша "TurkiSTAR" балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі басталды.

Аталған фестиваль Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткізіліп келеді. Бұған дейін ән жанры бойынша өткен болатын. Жыл соңына дейін актерлік шеберлік,көркем сөз оқу және қылқалам,қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша өткізілмек.

Дарынды балаларға қолдау көрсетуге,өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап,өнерге ынталандыру мақсатындағы байқау екі кезең бойынша өтеді. Алғашқы кезеңде би ұжымдары халық биін билесе,ақтық кезеңде өз таңдаулары сай еркін тақырыптағы биді билейді.

Екі күнге жоспарланған байқауда облыстың әр аудан,қалаларынан келген 60 би ұжымы бақ сынамақ. Қазылар алқасы құрамында хореография мамандығының ұстаздары мен мәдениет саласының мамандары бар. Әділ қазылар шешімімен ертең жеңімпазпаздарға І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар,сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap