Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
20 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады,таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7,күндіз 16-18 градус жылы.
21 қыркүйек көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-6,күндіз 20-22 градус жылы.
22 қыркүйекте көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9,күндіз 20-22 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
20 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады,жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14,күндіз 23-25 градус жылы.
21 қыркүйек көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14,күндіз 23-25 градус жылы.
22 қыркүйекте көшпелі бұлтты,күндіз өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады,күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16,күндіз 25-27 градус жылы.