Синоптиктер Қазақстанда 19,20 және 21 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер Қазақстанда 19,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша,осы аптаның аяғына дейін Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклон сақталады,сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады,тек еліміздің оңтүстік жартысы циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктердің ықпалында болады. Соның әсерінен жаңбыр жауып,найзағай ойнайды.
"Республика бойынша желдің күшеюі болжанған. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстік-батысында,солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі,19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейін аяз болады",- делінген хабарламада.