“Хабар“ телеарнасы тікелей эфирде Мейвезер мен Готти арасындағы жекпе-жекті көрсетеді

Бокс әлемінде спорт жанкүйерлерімен шектелмей,әлдеқайда кең ауқымда талқыланатын жекпе-жектер сирек кездеседі. Осындай жекпе – жектердің бірі - аты аңызға айналған Флойд Мейвезер мен Джон Готти III арасындағы кездесу.

Бокс әлемінде спорт жанкүйерлерімен шектелмей,әлдеқайда кең ауқымда талқыланатын жекпе-жектер сирек кездеседі. Осындай жекпе – жектердің бірі - аты аңызға айналған Флойд Мейвезер мен Джон Готти III арасындағы кездесу.

Бұл жекпе-жек ертең,яғни 2024 жылғы 25 тамызда сағат 06:00-де "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

"Money" ("Ақша") деген атпен танымал Флойд Мейвезер – кәсіпқой бокс тарихындағы ең үздік боксшылардың бірі. Ол спорт жанкүйерлері арасында өзінің қорғаныс стилімен,керемет жылдамдығымен және жекпе-жекті әрқашан бақылауында ұстай алатын қасиетімен кеңінен танымал. 50 жекпе-жегінің барлығында мерейі үстем болған ол Мэнни Пакьяо,Сауль "Канело" Альварес және Оскар Де Ла Хойя сияқты атақты қарсыластарын да жеңген.

Мейвезердің Готти III-пен жекпе-жегі ойын-сауық пен медиа әсері жағынан да,таза спорттық нәтиже жағынан да зор қызығушылық тудырып отыр.

Джон Готти III - спорт әлемінде ерекше орны бар әйгілі Джон Готтидің немересі,"Тефлон Дон" деген атпен танымал. Өзінің мансабын спорт саласында құруға шешім қабылдап,ММА-дан бастаған. Онда жүріп жақсы нәтиже көрсеткен соң боксқа ауысқан.

Ертеңгі спорт додасы Мексикадан өтеді.

"Хабар" агенттігі спорт әлеміндегі қызықты оқиғаларды әрдайым назарда ұстап,көрерменге ұсынып келеді. Ертеңгі жекпе-жек те биылғы жылдың спорт саласындағы маңызды оқиғаларының қатарына енері анық.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap