Еңбек мобилділігі орталығының басшысы 200 мың теңге үшін сотталды

Маңғыстау облысының "Еңбек мобилділігі орталығы" КММ директоры сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының "Еңбек мобилділігі орталығы" КММ директоры сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды.

Ол Өзбекстан Республикасы азаматының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ,сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap