Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушының үйіне күзет қойылды

Әлеуметтік желіде Қызылордада оқушы секс құлдыққа түскені жайлы ақпарат тарады. Қызылорда облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жақсыгүл Тоғанова оқиғадан кейін жасөспірімнің анасымен сөйлесіп,баламен кездескенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қызылордада оқушы секс құлдыққа түскені жайлы ақпарат тарады. Қызылорда облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жақсыгүл Тоғанова оқиғадан кейін жасөспірімнің анасымен сөйлесіп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше,балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетілген.

"Арнайы кездесу уақыттары белгіленді. Алайда анасы тарапынан айтылған себептерге орай кездесу жиілігі сақталмады. Кейінге уақытта бала үш рет психолог мамандардың қабылдауында болды. Мұнан кейін Денсаулық сақтау басқармасы орынбасарының көмегімен бала толыққанды медициналық тексерістен өткізілді. Дәрігерлердің кеңесімен баланы ауруханаға жатқызу ұсынылғанымен,анасы келісім бермеу туралы қолхатын берді. Бұл ретте анасы сұраған қолайлы уақытта учаскелік дәрігерлерді үйге шақыру көмектері де ұйымдастырылды. Бала толыққанды дәрігерлердің бақылауына алынды",- деп жазды ол.

Бүгінде жасөспірімнің үйінің аумағына күзет қойылған.

"Баланың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция департаменті арқылы тәулік бойы үйінің аумағына күзет қызметі қойылды. Барлық іс-әрекет анасының келісіміне және баланың қалауына сәйкес жасалады",- деді арнайы уәкіл.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
күнделікті информатика      бізбен хабарласыңы   SiteMap