Астанада жазғы дәмханадан өрт шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Астанада жазғы дәмханадан өрт шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
"Осы сәтте Астана ТЖД өртсөндірушілері Алматы ауданында Момышұлы даңғылы бойындағы "Кувшин" мейрамханасының жанында орналасқан жазғы дәмханада шыққан өртті сөндіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр",- делінген хабарламада.
Өрт сағат 16.14-те оқшауланған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт орнында ТЖД жеке құрамынан 15 адам мен 3 техника жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды.